Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентін құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, оның бауырлас әзербайжан халқының игілігі жолында атқары ...
Ерлан Қошановтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы Мәжілістің Telegram арнасында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қадірлі ағайын!
Сіздерді қасиетті Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – барша мұсылман қауымы үшін ұлағатты, тағылымды мереке. Адамдарды мейірім мен ізгілікке шақыратын, ұлтымызды ұйыстыратын ұлық мейрам.
Айт күндері жұртшылық бірін-бірі құттықтап, игі тілектер жолдайды. Жақсы істерге ұйытқы болып, шынайы ниетпен мұқтаж жандарға көмектесуге тырысады.
Құрбан айт – рухани кемелденетін кезең. Ол қоғамдағы келісімді, бірлік пен татулықты нығайта түседі.
Мейірбандылық, жанашырлық пен қайырымдылық сияқты халқымызға тән ізгі қасиеттерді дәріптеуге септігін тигізеді.
Ендеше, шуақты мереке елімізге амандық пен бақ-береке әкелсін!
Шалған құрбандарыңыз бен игі амалдарыңыз қабыл болсын!», делінген аталған құттықтауда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, оның бауырлас әзербайжан халқының игілігі жолында атқары ...
Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саидтың жауапты қызметіне толағай табыс, ал Оман халқына құт-береке тіледі. ...
Айта кетейік , жақында Алматының "Қайрат" футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасының 2025 жылғы маусымында чемпио ...