Еліміздің оңтүстігінде жер сілкінді
Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, с ...
Тараз – Шу учаскесінің күзетілмеген өткелінде (Жамбыл бөлімшесі) жолаушылар пойызы трактор тіркемесіне соқытыға жаздады. Оқиға 7 маусымда болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі .
"ҚТЖ" мәліметінше, жолаушылар пойызының локомотив бригадасы апаттың алдын алған. Яғни, машинист шұғыл тежеуді дер кезінде қолданған. Осылайша пойыз тіркемелерден екі метр қашықтықта тоқтады.
Локомотив бригадасының кәсібилігі мен үйлесімді әрекеттерінің арқасында жолаушылар мен жылжымалы құрам үшін ықтимал зардаптың алды алынды. Тіркемелер темір жолдан тез алынып тасталды, содан кейін пойыз жүрісін жалғастырды. Ақпарат құқық қорғау органдарына берілді,-делінген ақпаратта.
Осы ретте компания темір жол өткелдерін кесіп өту кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады. Теміржол — қауіпті аймақ, сондықтан талаптарды орындамау ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, с ...
Зардап шеккендер жоқ. Қорғаныс министрлігі БҚО-да белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының жарылысы тіркелгенін мәлі ...
Апаттың нақты неден болғаны туралы әзірге ақпарат жоқ. Техастағы Форт-Уорт маңында жеңіл моторлы Beech King A ...