Қазақстанда әлеуметтік көмек алушыларды тексеру күшейтіледі
Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. Қазақстанда әлеуметтік тө ...
" Қазсушардың " Ақмола облысындағы филиалы Краснобор және Есіл су қоймаларында, сондай-ақ Преображенск гидроторабында көпфакторлы тексеру жұмыстарын бастады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл жұмыстарға геологиялық, гидрологиялық және геодезиялық зерттеулер, су түбі мен жаға сызықтарын зерделеу, су ортасының жағдайын талдау сияқты кешенді шаралар кіреді. Тексеру кезінде заманауи және сапалы құрылғылар — георадарлар, сонарлар және басқа да жабдықтар қолданылып жатыр.
Биылдың соңына дейін Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміз бойынша 134 гидротехникалық нысанды көпфакторлы тексеруден өткізуді жоспарлап отыр. Айта кетейік, былтыр Қазақстанның 14 облысында 84 нысан тексерілген еді. Бұл бастапқы жоспардан да көп болды.
"Ақмола филиалы бұл жұмыстарды биыл мамыр айында бастаған. Көпфакторлы тексеру гидротехникалық нысанның пайдаланылу барысында қандай күйде екенін анықтау үшін жүргізілетін толық әрі кешенді талдауға бағытталған", – деді "Қазсушар" РМК Ақмола филиалының директоры Ербол Әскербеков.
Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. Қазақстанда әлеуметтік тө ...
Ақ үй тексеру нәтижелерін жариялады. АҚШ президенті Дональд Трамп қазан айында МРТ-дан өткен болатын. Ақ үй те ...
Анталья әуежайында Scat Airlines әуе компаниясының Анталия-Атырау рейсіне отырғызу кезінде жолаушылардың бірінің жағдайы ...