"Жеңілдетілген несие алуға көмектесем": Астанада 16 адамды алдаған алаяқ сотталды
Келтірілген шығын көлемі 4 млн теңгеден асады. Астанада жеңілдетілген несие алуға көмектесемін деп жұртты алда ...
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек автобус апаты салдарынан екі аяғынан айырылған мектеп оқушысының отбасына қандай көмек көрсетілетінін айтып, өз басымен не себепті бармағанын түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның сөзінше, оқиға болған сәттен бастап зардап шеккен қыздың отбасы әкімдік назарында. Бұл отбасыға әкімнің орынбасарлары бірнеше рет барып, жағдайларын бақылауда ұстап отыр. Сонымен қатар, балалар омбудсмені де отбасыға арнайы жолыққан.
«Менің орынбасарым кеше де, бүгін де сол отбасыда болды. Жалғыз мен бармадым деп, әкімдік бұл мәселені назардан тыс қалдырды деуге болмайды. Қаржылай көмек ретінде сақтандыру төлемі 20 миллион теңгеге жуық. Бұған қосымша әкімдік тарапынан 10 миллион теңге бөлуді жоспарлап отырмыз. Ең бастысы — біз бұл отбасыға баспана мәселесін шешіп беруді мойнымызға аламыз. Бұл — ресми уәде», — деді қала әкімі.
Әкім өз тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетілетінін айтып, отбасының қазіргі жағдайын ескеріп әрекет етіп жатқанын атап өтті.
Келтірілген шығын көлемі 4 млн теңгеден асады. Астанада жеңілдетілген несие алуға көмектесемін деп жұртты алда ...
Дәрігерлер қажетті медициналық көмекті көрсеткен . Астанада тұрғын үйдің қасбеті құлап кетуі салдарынан ауыр ж ...
Астана тұрғыны бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін сотталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Алая ...