Korea-Kazakhstan апталығы: Мәдениет пен бизнес бір арнада тоғыспақ
Бұл туралы Корея мәдениет орталығында өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды, El.kz интернет порталы. Алдағы ...
Алматы метрополитенінің үшінші желісі Алатау қаласынан " Мизам " базары арқылы қазіргі "Сайран" метро бекетіне дейін салынуы мүмкін.
Мемлекеттік сатып алу сайтында Алматы метрополитенінің үшінші желісінің техникалық-экономикалық негіздемесін дайындауға екі хабарландыру жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оның бірі – Алатау қаласынан "Мизам" базарына дейінгі аралық, екіншісі – "Мизам" базарынан "Сайран" бекетіне дейінгі аралық.
Тапсырыс беруші – Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы. Жобалауға 2025 жылдың 18 сәуіріндегі Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы негіз болған.
Бірінші жоба бойынша құжатты әзірлеуге 1,3 млрд теңге (1 351 054 778), ал "Мизам" базарынан "Сайран" бекетіне дейінгі құрылыстың құжаты бойынша 896 млн теңге (896 459 961) бөлінген. Екі құжат бойынша да ашық конкурс биыл 11-18 маусым аралығында өтеді. Жұмыстарды өткізу мерзімі – 2026 жылғы 31 мамыр.
Мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, Алатау қаласынан "Мизам" базарына дейінгі аралықта 7 бекет болады.
Олар:
Ал, "Мизам" базарынан "Сайран" бекетіне дейінгі аралықта 5 бекет салынады.
Олар келесі мекенжайларда орналасады:
Сонымен қатар екі жоба бойынша құрылыс алаңдарының орындарын анықтау, жолаушылар ағынын болжау, құрылыс кезінде қазақстандық өндірушілердің құрылыс материалдарын пайдалануды қарастыру, архитектуралық шешімдерді анықтау, қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастыру, қозғалысы шектеулі адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету және өзге де талаптар қойылған.