Қоғамға бағытталған полиция моделін қалай құруға болады?
Қазір полиция – жай ғана құқық бұзушылықпен күресуші күш емес, ол бұқарамен бірлесе отырып, қоғамдық тәртіп пен әділ ...
Павлодарда полицейлер жүкті әйелдің өмірін құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Павлодар қаласында полиция қызметкерлері қиын жағдайға тап болған әйелге дер кезінде көмек көрсетіп, оның өмірін сақтап қалды. "102" жедел нөміріне бейтаныс әйелдің Усолка өзенінің үстінен өтетін көпірден секірмек болғаны жөнінде куәгерден хабарлама келіп түсті. Аталған шақырту бойынша оқиға орнына Павлодар қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері — Талғат Камзин мен Еламан Каримов жедел жетті. Келген бойда полицейлер көпірде отырған әйелді байқап, кәсіби шеберлік пен жедел әрекет етуінің арқасында оны аман алып қалды.
Әйел адам жағаға жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Кейін ол жедел жәрдем қызметіне тапсырылды. Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары күн сайын қызметке кірісе отырып, тек құқық бұзушылықпен күресіп қана қоймай, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға да қол ұшын созуға дайын.
Бұған дейін Ақтөбеде велоиспед ұстаған жігітті полиция ұстағанын мәлімдеген едік.
Қазір полиция – жай ғана құқық бұзушылықпен күресуші күш емес, ол бұқарамен бірлесе отырып, қоғамдық тәртіп пен әділ ...
Ақмола облысының полициясына сұлулық салонында жұмыс істейтін тұрғын әйел жүгініп, Instagram желісінен шырша сату тура ...
Түркістанда полицейлер 8,5 миллион теңге шығын келтірген ұрлықтың бетін ашты, — деп хабарлайды Massaget.kz ...