Президент: Елорда заманауи урбанистиканың үлгісі болуы керек
Президент үйлесімді қала кеңістігін қалыптастыруға айрықша мән беру қажеттігін және азаматтардың тұрмыс-тіршілігі ме ...
Астана қаласындағы Әлімхан Ермеков атындағы №38 мектеп-лицейінің жазғы этнолагерінде ерекше экологиялық жоба таныстырылды. Оқушылардың табиғатты қорғауға бағытталған тың идеясы – «Эко-фонтан» жобасы көпшіліктің қызығушылығын тудырды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, жоба мектептегі STEAM бағыты мен экологиялық тәрбиенің ұштасқан нақты үлгісі бола білді.
«Эко-фонтан» – күн энергиясымен жұмыс істейтін, суды қайта айналымға жіберетін инновациялық жүйе. Фонтан табиғи ресурстарды үнемдеп қана қоймай, қалалық ортаға экологиялық және эстетикалық құндылық қосады. Жобаның негізгі мақсаты – суды және энергияны тиімді пайдалану арқылы қоршаған ортаны қорғау.
Фонтанның құрылымына келсек, күн панельдері арқылы қуат алатын сорғы жүйесі суды қайта айналдырады; су ысырапсыз пайдаланылып, қайта өңделеді; жасанды ағаштар, сәндік өсімдіктер мен тастар арқылы табиғи көрініс қалыптасады.
Оқушылар бұл жобаның маңызын үш бағытпен негіздеді: суды үнемдеу, энергияны тиімді пайдалану, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Эко-фонтан – тек техникалық жаңалық емес, бұл – табиғатпен үйлесімді өмір сүруді насихаттайтын тәрбие құралы. Мектеп ауласында, саябақтарда немесе қоғамдық орындарда қолдануға ыңғайлы мұндай жобалар елорданың экологиялық келбетін жақсартуға да үлес қосады, — делінген мәліметте.
Жоба авторы Әнел Кенжеханның айтуынша, фонтан арқылы балалар экологияны тек теориялық емес, практикалық түрде меңгеріп, күн энергиясының тиімділігін өз көздерімен көре алады.
Президент үйлесімді қала кеңістігін қалыптастыруға айрықша мән беру қажеттігін және азаматтардың тұрмыс-тіршілігі ме ...
Биылғы он бір айда Астанада жол-көлік оқиғасынан 675 бала зардап шеккен, 5 бала қаза болған. Мемлекет басшысы елор ...
БАӘ астанасында The Games of the Future Abu Dhabi 2025 халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Алты күнге созылған ...