Астанада түнгі уақытта қар күреу жұмысына 1200-ден астам арнайы техника жұмылдырылады
Елордада қар мен көктайғақтан тазарту жұмысы үздіксіз жүргізіліп жатыр. Қаланың коммуналдық қызметі тәулік бой ...
Тасқынның тым жылдам болғаны сонша Шығыс Кап провинциясында мектеп автобусын ағызып әкеткен.
Қарлы боран мен тоқтамай құйған жаңбыр салдарынан елдегі жарты миллионға жақын тұрғын үй жарықсыз қалып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, қолайсыз күн райы бірнеше өңірде жолдардың жабылып, электр қуатының өшуіне әкеліп соқты.
BBC ОАР-дың бірқатар аумағында төтенше жағдай қалыптасқанын жазады. Елдің әсіресе Шығыс Кап және Квазулу-Натал провинциялары айтарлықтай зардап шеккен.
О.Р.Тамбо ауданында жеті адамның қайтыс болғаны анықталды. Сондай-ақ, Ист-Лондон қаласы аумағында құлаған ағаштан қашпақ болған микроавтобус аударылып қалған.
Ең сорақысы, Шығыс Кап ауданында оқушыларды тасымалдап бара жатқан автобусты тасқын су ағызып әкеткен. Құтқарушылар үш оқушыны тапқан, жергілікті билік автобустағы басқа балалар туралы ақпарат ала алмай отыр.
Қарлы боран мен толассыз жауған жауын 500 мыңға жуық тұрғын үйді жарықсыз қалдырды. Соның салдарынан жолдарда ұшы-қиыры жоқ кептеліс қалыптасқан.
Негізінен, маусым мен тамыз аралығында қыс мезгілі болатын Оңтүстік Африка үшін жауын мен қар тым таңғаларлық жайт емес. Десе де, соңғы жылдары климаттың өзгеруі табиғи апаттарды жиілетіп, қарқынын да ұлғайтып барады.
Елордада қар мен көктайғақтан тазарту жұмысы үздіксіз жүргізіліп жатыр. Қаланың коммуналдық қызметі тәулік бой ...
Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Семей қаласында, Гёте көшесіндегі жеке аумақта өрт шықты, деп хабарл ...
Астана әкімдігі өкілдері орталықта шыққан өрттің салдары туралы айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілші ...