Қазақстанда Жасанды интеллект институты ашылады
Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап берген Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп жазады i ...
2026 жылы Қазақстанда тау-кен ісі мен инженерия саласындағы беделді жоғары оқу орны – Colorado School of Mines университетінің әлемдегі алғашқы филиалы ашылады.
QS WUR пәндік рейтингінде "Минералды және тау-кен инженериясы" бағыты бойынша әлемде бірінші орынды иеленетін бұл университеттің Қазақстанда ашылатын филиалы Орталық Азиядағы академиялық хабтың қарқынды дамуының жарқын көрінісі болмақ, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Шетелдік алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарын Қазақстанға тарту бойынша жүргізілген жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Colorado School of Mines университеті арасында аталған оқу орнының филиалын Қазақстанда ашу туралы келісімге қол қойылды.
Қол қою рәсіміне Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Colorado School of Mines университетінің жаһандық бастамалар жөніндегі вице-президенті Джон Брэдфорд және Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Қанат Шарлапаев қатысты.
Филиал Қазақстанның геология саласының жүрегі саналатын Жезқазған қаласында, құрылып жатқан Ұлытау техникалық университетінің базасында ашылады. Бұл университет тау-кен-металлургия саласы үшін жоғары білікті мамандар даярлайтын болады. Ұлытау техникалық университетінің аумағы 20 гектарды құрайды, оқыту толығымен ағылшын тілінде жүргізіледі және бакалавриаттың 4 негізгі мамандығы бойынша жүзеге асырылады:
Айта кету керек, бұл Колорадо тау-кен мектебінің шетелдегі алғашқы кампусы болмақ. Филиалдың дәл Қазақстанда ашылуы еліміздің сенімді білім беру серіктесі ретіндегі және инвестициялар мен технология трансферін тарту саласындағы басым аймақ ретіндегі маңызын көрсетеді.
Colorado School of Mines – 1873 жылы негізі қаланған мемлекеттік университет. Бұл оқу орны студенттерді тек зерттеушілік қабілетке ғана емес, нақты салалық міндеттермен жұмыс істеуге үйретумен танымал. Олар оқу барысында халықаралық инженерлік жобаларға қатысу арқылы тәжірибе жинақтай алады.
Бұған дейін Colorado School of Mines университеті Satbayev University-мен геология, мұнай-газ инженериясы және тау-кен ісі бағыттары бойынша 3+1+1 форматында қос диплом бағдарламасын іске қосу және осы салаларда бірлескен ғылыми зерттеулерді дамыту туралы келісімге келген болатын.
Жезқазған қаласында толыққанды кампустың ашылуы өңірге жастар ағынын арттырып, жаңа жұмыс орындарының құрылуына және өңірлік әрі жаһандық еңбек нарығына арналған әлемдік деңгейдегі кадрларды даярлауға мүмкіндік береді.