Қазақстанда Жасанды интеллект институты ашылады
Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап берген Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп жазады i ...
2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 186,5 мың адам қамтылды, ал 190,6 мың қазақстандық нақты жұмысқа орналастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігің мәліметінше, субсидияланатын жұмыс орындарына мансап орталықтары арқылы 116,2 мың адам жіберілген. Оның ішінде:
Сонымен қатар еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды меңгерту мақсатында онлайн оқытуға 42 мың жұмыссыз тартылып, оның ішінде 39,4 мыңы оқуды аяқтаған. Сондай-ақ «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бағдарламасына 26,6 мың адам қатысып, олардың 14,4 мыңы оқуды сәтті аяқтап, сертификаттарға ие болған.
Министрліктің хабарлауынша, жұмыс берушілердің сұранысы бойынша кәсіптік оқытуға 1 687 адам жолданды. Олардың 89-ы оқуды аяқтап, 83 адам немесе 93,3%-ы жұмысқа орналасты. Қызмет саласын анықтауға көмектесу мақсатында 176,4 мың адам кәсіптік орталықтарда әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтіп, кеңес беру қызметтерін алды.
Бұдан бөлек, азаматтарды жұмысқа орналастыру бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылатынын және нақты жұмысқа орналасу міндетті зейнетақы жарналарының аударылуымен расталатынын атап өткен жөн. Атап айтқанда, 2025 жылғы 1 маусымдағы дерек бойынша:
«Сонымен қатар, жаңа бизнес-бастамаларды қолдау мақсатында 2025 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына 400 АЕК (1 572 800 теңге) көлеміне дейін 9 мың грант беру жоспарланған. Осыған байланысты, 2025 жылғы 21 мамыр мен 3 маусым аралығында «Business.Enbek» порталында грант алуға үміткерлерден өтінім қабылдаудың бірінші легі жүзеге асырылды. Нәтижесінде барлығы 11 479 өтініш тіркелді», делінген хабарламада.