
Иран жүзден астам ұшқышсыз ұшатын аппараттар арқылы Израильге жауап қайтарды. Бұл туралы ЦАХАЛ (Израиль қорғаныс күштері) өкілі Эффи Дефрин айтты, деп хабарлайды The Times of Israel басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
ЦАХАЛ бригада генералы Эффи Дефриннің айтуынша, Иран соңғы бірнеше сағат ішінде Израильге 100-ден астам ұшқышсыз ұшатын аппарат ұшырды.
Израиль қорғаныс күштері қазір оларды атып түсіру бойынша жұмыс істеп жатыр.
Дефриннің сөзінше, Ираннан ұшырылған ұшқышсыз ұшу аппараттары Израильге бірнеше сағатта жетеді.
Басылымның хабарлауынша, қазірдің өзінде желіде ирандық ұшқышсыз ұшу аппараттарының Израильге бет алғаны түсірілген видеолар тарап жатыр.
Ал Израиль тұрғындары елге Иран тарабынан жасалуы мүмкін шабуыл алдында азық-түлік қорын жинау үшін жаппай супермаркеттерге ағылып жатыр.
Алайда Израильдегі көптеген дүкен еврейлердің Шаббат мерекесіне байланысты жұмадан сенбіге дейін жабық.
Бұған дейін Израиль қорғаныс министрі Катц елде төтенше жағдай жариялап, әскерилер Иран тарабынан болуы мүмкін шабуылға дайындалып жатқанын айтқан. ЦАХАЛ таңғы сағат 3:00-ден бастап бүкіл елде жиналыстарға, білім беруге және іскерлік операцияларға тыйым салатын нұсқаулық шығарды. Израиль бойынша дабыл жүйесі іске қосылды.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Израильдегі елшілігі қазір сол елде жүрген қазақстандықтарға үндеу жасады. Оларға күшейтілген қауіпсіздік шараларын орындау, қырағы болу, сақ жүру, соңғы жаңалықтарды қадағалап отыру және Қазақстан Елшілігімен үнемі байланыста болу ескертілді.
TOP
-
-
-
-
-
-
«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан»: Астанада полицейлерге арналған арт-терапия өтті
13.06 -
-
-
-
-
-
-
-