"Марокко, Алжир, Мысыр және Вьетнам": Қазақстандық астық әлемнің қанша еліне эскпортталғаны айтылды
"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ 2024-2025 маркетингтік жылдың қорытындысы бойынша рекордтық көлемде, яғни ...
Қазақстанда 2025 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында ауыл шаруашылығы саласында өсім тіркелді .
Жалпы өнім көлемі 1,3 трлн теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4%-ға артты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Өсімнің негізгі қозғаушы күші – мал шаруашылығы. Бұл бағытта өндірілген өнім көлемі 1,2 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,2%-ға жоғары. Соның ішінде сойыс салмағындағы ет өндірісі 3%-ға өсіп, 409,1 мың тоннаға жетсе, сиыр сүті өндірісі 7,5%-ға артып, 1347,9 мың тоннаны құрады.
Мал басының саны да ұлғайды. Ірі қара мал саны 9,7 млн басқа (23,4%), қой мен ешкі – 26,3 млн басқа (7,8%), жылқы – 5 млн басқа (112%), түйе – 321,3 мың басқа (8,5%), ал құс саны – 47,7 млн басқа (2,2%) жетті.
Өсімдік шаруашылығының өнім көлемі 68 млрд теңгені құрады, ал физикалық көлем индексі өзгеріссіз 100% деңгейінде қалды. Азық-түлік өнімдерінің өндірісі 10,5%-ға өсіп, 1 496,5 млрд теңгеге жетті. Сусындар өндірісі де 5,3%-ға артып, 451,9 млрд теңгені құрады.
Өңірлер арасында ең жоғары өсім Жамбыл (151,3%), Жетісу (138,4%), Шымкент (123,5%), Солтүстік Қазақстан (118,3%) және Қызылорда (116,7%) облыстарында байқалды.
Бұдан бөлек, бірқатар азық-түлік өнімдерінің өндірісі ұлғайды. Өсімдік майы өндірісі – 376,8 мың тоннаға (19,1%), шұжық өнімдері – 31,1 мың тоннаға (11,3%), сары май – 15,1 мың тоннаға (12,7%), ұн – 1438,3 мың тоннаға (6,6%), ал қышқыл сүт өнімдері – 106,2 мың тоннаға (4,3%) артты.
"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ 2024-2025 маркетингтік жылдың қорытындысы бойынша рекордтық көлемде, яғни ...
Президент ауыл шаруашылығын ынтымақтастықтың маңызды саласының бірі ретінде атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz са ...
Мал шаруашылығы саласы дамып келе жатыр. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов ықтимал ет тапшылығына қа ...