Ауа райына байланысты төрт облыста республикалық жолдар жабылды
Ақмола мен СҚО-да бірқатар автожолда қозғалыс шектелді. Бүгін сағат 08:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты ...
Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап берген Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Елімізде жасанды интеллектінің ықтимал теріс әсерінің алдын алуға арналған жаңа регламенттер мен әдістемелік ұсынымдар әзірленеді.
Үкімет басшысының айтуынша, педагогтердің цифрлық құзыретін арттыру үшін арнайы курстар ұйымдастырылып жатыр. Қазірдің өзінде 160 мыңға жуық мұғалім жасанды интеллект құралдарын оқу процесінде қолдану бойынша оқытудан өткен. Оның 90 мыңы – 2024 жылы, ал қалған 70 мыңы – биыл білім алған.
Сондай-ақ 2025 жылдың қаңтарынан бастап еліміздің 180 мектебінде бағдарламалау негіздеріне арналған пилоттық жоба іске қосылды. Бұл курс 10–11-сынып оқушылары үшін оқу жоспарының вариативтік компоненті негізінде енгізілді.
2024 жылғы 16 шілдеден бастап nFactorial және Omnium IT-мектептерінде жасанды интеллект пен Game Development бағыттары бойынша 180 педагог пен "Өрлеу" ұлттық орталығының 120 жаттықтырушысы арнайы оқудан өтеді.
Білім беру саласында академиялық адалдық пен бағалау талаптарын қайта қарау мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жасанды интеллект құралдарының ықтимал кері әсеріне қарсы жаңа әдістемелер дайындайды. Сонымен қатар академия жанынан білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу және дамытуға арналған зерттеу, әдістемелік, этикалық және оқу бағдарламаларын үйлестіретін Жасанды интеллект институтын ашу жоспарланып отыр.
Ақмола мен СҚО-да бірқатар автожолда қозғалыс шектелді. Бүгін сағат 08:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты ...
2030 жылға дейін Қазақстанда 1000-ға жуық жолаушылар вагоны жаңартылады 2026 жылы Қазақстанға 91 жаңа жолаушылар в ...
Сеул қаласында Қазақстанға арналған көрме өтіп жатыр. Онда оңтүстіккореялық журналист Ким Сан Ук түсірген ф ...