• 14-06-2025

"Қазхром"-ға ауаға 700 тоннаға жуық зиянды заттар шығарғаны үшін 854 млн теңгеге айыппұл салды

Павлодар облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының қаулысымен "Қазхром "ТҰК" АҚ-ға қатысты ластаушы заттардың нормативтен тыс шығарынды үшін әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің баспасөз қызметінен.

2025 жылдың 1 тоқсанында "Қазхром "ТҰК" АҚ филиалы Ақсу ферроқорытпа зауытының РОК-2 қазандығында атмосфераға шығарындыларды рұқсат етілген нормалардан 663,67 тонна көлемінде асып кетуі тіркелді, бұл экологиялық заңнаманы өз кезегінде бұзу фактісі болып табылады.

Аталған, заң бұзушылық бойынша Павлодар облысының экология департаменті 854 млн.теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданды. Айыппұл мемлекет кірісіне толық көлемде өндірілді.