Әнші Тамара Асардың күйеуі Жұмаш Бекмырза Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділеттің үйлену тойында сөз сөйлеп, көпшіліктің назарына ілікті. Алайда айтқан тілегі жұрттың көңілінен шықпады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жұмаш Бекмырза тойда жас жұбайларды құттықтап, Адай қыздарының тәрбиесі мен салт-дәстүрге беріктігі жайлы жылы лебізін білдірді:
"Адайлық қыздар өте керемет болады. Түсініктері мол, салт-дәстүрге берік. Айтар сөзім жоқ, тағы да құттықтаймын!" – деді ол.
Алайда тілек орыс тілінде айтылғандықтан, желі қолданушылары кәсіпкерді сынның астына алды. Пікірде:
"Қазағыма қазағым орысша тілек айтып тұр ма?"
"Орысша сандырақтады"
"Сонша мақтаған әйелің қазақ тілін үйретпеген бе?"
"Тілек пе, әлде мінездеме ме?"
деген пікірлер жазылды.
Тіпті кейбіреулер: "Тамараның күйеуі қазақ емес пе, неге қазақша сөйлемейді?" деп те наразылық танытты.
Айта кетейік, Тамара Асар Маңғыстау облысы, Жаңаөзен өңірінің тумасы. Күйеуі Жұмаш Бекмырза – кәсіпкер, бұған дейін жұрт назарына көп ілікпегенімен, бұл жолы қоғам назарында қалды.
@aigulmukei ♬ оригинальный звук — aigulmukei
TOP
-
-
-
-
-
-
«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан»: Астанада полицейлерге арналған арт-терапия өтті
13.06 -
-
-
-
-
-
-
-