Шри-Ланка 2025 жылдың басынан бері туризмнен 2,6 млрд доллардан астам табыс түсірді
2025 жылдың алғашқы он айында Шри-Ланка туризм саласынан 2,66 млрд доллар табыс тапты, деп хабарлайды Синьхуа аге ...
Елімізде ауыл шаруашылығы саласында өндірілетін өнімнің 40 пайызы ғана өңделеді. Қалған 60 пайызы шикізат күйінде экспортқа кетіп жатыр. Өнімді терең өңдеу үшін не істемек керек . Бүгін Сенат депутаттары Павлодарға барып, бірқатар кәсіпорынды аралап, көшпелі жиын өткізді. Мәселен биыл павлодарлық тауар өндірушілер 92 мың тонна шикізатты экспортқа шығарған. Оның 60 пайызға жуығы терең өңделген. Алайда импорттың үлесі азаймай отыр. Сондықтан депутаттар ауыл шаруашылығы саласын шикізат экспорты сипатынан алып шығудың мүмкіндіктерін анықтамақ.
Әли Бектаев, Сенат депутаты:
Шаруалардың үйдің жағдайында өндірген өнімдерін ертең қайда өткізу керек? Оны қалай қайта өндеу керек? Сол күйінде қалып кетпеу керек қой ол. Базарға апарса өтпейді. Себебі бағасы арзан. Оны бір кәсіпорынға апарса, аз көлем болғаннан кейін ешкім алмайды. Бізге сондай проблемалардың көбірек айтылғаны керек. Біз оны ертең барғаннан кейін барлық мемлекеттік органдармен отырып алып, осының бәрін талдап, талқылап тиісті шешілу жолдарын қарастыруымыз керек.
Болат Аманбаев
2025 жылдың алғашқы он айында Шри-Ланка туризм саласынан 2,66 млрд доллар табыс тапты, деп хабарлайды Синьхуа аге ...
Ұлттық статистика бюросының алдын ала дерегінше, 2025 жылдың 10 айында еліміздің Жалпы ішкі өнімі өткен жылдың сәйкес ке ...
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті. Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының "Жасанды ...