Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде "жарылыс жасаймын" деп пікір қалдырған
Ол дереу ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Алматының 21 жастағы тұрғыны әлеуметтік желідегі жазб ...
Ерлік жасаған 52 жастағы Мұса Әбдірайым "Жігіттер" квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымовтың ағасы болып шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алматы әуежайында қаскөйдің қолынан пышақты жұлып алып, қызметкерді құтқарған батыл азаматтың есімі белгілі болды.
Бағлан Әбдірайымов бұл жаңалықты Instagram желісінде бөлісіп, ағасының ерлігіне мақтаныш білдірді.
— Ағам Мұса Сайрамбайұлы 1973 жылы Түлкібас ауданы Күмісбастау ауылында дүниеге келген. Ол 9 баланың кенжесі. Кәсіби спортпен айналысқан, бүгінде 5 баланың әкесі. Ерлік жасап, елдің назарында жүргенімен, намысты жігіттің бәрі осындай қадамға барар еді деп ойлаймын. Дер кезінде дұрыс шешім қабылдады. Қазір ағамды мемлекеттік марапатқа да ұсыныпты, — деп жазды әнші.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы әуежайында ер адам қызметкердің шашынан тартып, пышақ кезенгені туралы хабарланған болатын. Президент батыл азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды.
Ол дереу ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Алматының 21 жастағы тұрғыны әлеуметтік желідегі жазб ...
Алматы мәслихаты жеңілдігі бар тәртіппен жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін салық мөлшерлемесін 3%-ға дейін түсір ...
Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына жаңа басшы тағайындалды, — деп хабарлайды Massage ...