Иранда мемлекеттік мекемелер уақытша жабылды
Иранда аптап ыстықтан мемлекеттік мекемелер уақытша жабылды . Ел астанасы Тегеран мен 31 провинциясының 15 ...
Қос компанияның баспасөз қызметі жолаушыларға алдын ала хабар таратып отыр.
Иран мен Ирак әуе кеңістігін жапқан соң Air Astana мен FlyArystan компанияларының кейбір тұрақты және жеке рейстерін өзгертті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Air Astana тобы Иран мен Ирак әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір Air Astana және FlyArystan тұрақты және чартерлік рейстерінің бағытындағы өзгерістер туралы жолаушыларды хабардар етеді. Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха, Манама және Мединаға рейстер Иран мен Ирак әуе кеңістігін айланып ұшады", – деп хабарлады Fly Arysran әуе компаниясы.
Бұл ретте олар осы өзгерістерге байланысты кейбір рейстердің кестесі де өзгеретінін ескертті.
Айта кетейік, бүгін Иран мен Израиль арасындағы ахуал ушықты.
Осыған байланысты Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильдегі барлық Қазақстан азаматына қауіпсіздік шараларын сақтап, елшілікпен байланыста болуын сұрайды.
Ол үшін ондағы Қазақстан азаматтарына жедел желі телефон нөмірлерін жариялады.
Иранда аптап ыстықтан мемлекеттік мекемелер уақытша жабылды . Ел астанасы Тегеран мен 31 провинциясының 15 ...
АҚШ Израильге B-2 бомбалаушы ұшақтары мен «бункер жарғыш» деп аталатын GBU-57 бомбасын беруі мүмкін. Fox Ne ...
Түркиядағы Измир халықаралық әуежайы орман өртіне байланысты рейстерді қабылдамайды. Аднан Мендерес әуежайы ...