Газада бір тәулікте 11 адам қаза тапты
Израиль әуе соққыларынан Газа секторында бір тәулікте 10 адам қаза тапты. Тағы бес адам жарақат алған. Бұл ту ...
Үндістандағы ірі әуе апаты салдарынан көз жұмғандар саны әлдеқайда көп екені мәлім болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Елдің батысындағы Ахмедабад қаласында болған ұшақ апаты орнынан 279 адамның денесі табылды. Бұған дейін 265 адамның қаза тапқаны туралы хабарланған еді.
DW басылымының жазуынша, ресми түрде қаза тапқандардың саны ДНҚ арқылы сәйкестендіру жұмыстары аяқталғаннан кейін жарияланады.
Олардың денесі Ахмедабад ауруханасының мәйітханасына жеткізілді. Мәйіттерді анықтау процесі жалғасып жатыр.
Телеарнаның хабарлауынша, ұшақ бортында жолаушылар мен экипаж мүшелерін қосқанда 241 адам қаза тапқан. Ал жергілікті 33 тұрғын қаза тапты. Оның ішінде медициналық колледж жатақханасында болған он студент бар.
Boeing 787 Dreamliner ұшағы Үндістанның Ахмедабад қаласынан Лондонға бет алған. Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай апатқа ұшырады. Бортта 242 адам болған. Кейінірек бұл апаттан тек бір жолаушы аман қалғаны белгілі болды.
Израиль әуе соққыларынан Газа секторында бір тәулікте 10 адам қаза тапты. Тағы бес адам жарақат алған. Бұл ту ...
Кенияда шетелдік туристерді тасымалдаған Mombasa Air Safari компаниясына тиесілі шағын ұшақ апатқа ұшырады. Аг ...
Апаттың нақты неден болғаны туралы әзірге ақпарат жоқ. Техастағы Форт-Уорт маңында жеңіл моторлы Beech King A ...