ЕО көшбасшылары мен Зеленский Трамппен кездесуінің алдында сөйлесті
Кездесу бейнебайланыс арқылы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап. Онлайн форматта ...
Иран мен Израиль арасында шиеленіс ушықты. Екі тарап төртінші күн қатарынан әуе шабуылдарын жалғастырып жатыр. Израильдің жексенбіде Тегеранға жасаған соққысынан Иранның барлау қызметінің басшысы мен оның орынбасары оққа ұшқан. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, үш күнде шабуылдан қаза тапқан адам саны 224-ке жеткен. 1200-ден астам адам жараланды . Зымырандардан үрейленген Тегеран тұрғындары қаладан кетуге тырысып жатыр.
Ал Иранның Израильге бүгін жіберген зымырандарынан 3 адам қаза тауып, 35 адам жараланған. Ракеталар Хайфа, Петах-Тива мен Тель-Авив қалаларындағы көпқабатты үйлерге түскен. Ал Бат-Ям қаласында жексенбіде 10 адамның денесі табылды. Әскерилер болса, тұрғындардан зымырандардың түскен жерін әлеуметтік желіге жарияламауды сұрады. ЦАХАЛ Иран бұл жазбаларды өзінің соққы беру мүмкіндіктерін жақсартуға қолданады деп мәлімдеді. Екі ел арасындағы қақтығыс өткен жұмада Израиль Иранның ядролық нысандарына соққы берген кезден бастап ушықты.
Арай Төлегенқызы
Кездесу бейнебайланыс арқылы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап. Онлайн форматта ...
Михаэла Бентхаус Еуропалық ғарыш агенттігінде аэроғарыш және мехатроника жүйелері бойынша инженер болып жұмыс істейді, ...
Қазақ елінің тәуелсіздігіне — 34 жыл. Тар жол, тайғақ кешу кезеңінен өтіп егемендігін алған мемлекет қазір ...