• 16-06-2025

Дзюдодан 2025 жылғы ӘЧ: Абылайхан Жұбаназар финалға шыға алмады

Қазақстан құрамасының дзюдошысы Абылайхан Жұбаназар Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, бұл кезеңде оның қарсыласы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы ресейлік Тимур Арбузов болды.

Белдесу Арбузовтың мерзімінен бұрынғы жеңісімен аяқталып, Жұбаназар жарыстан шығып қалды.

Айта кетейік, қазақстандық дзюдошы 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.

Бұған дейін дзюдодан Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Есет Қуанов жарысты аяқтағанын жазғанбыз.