"Отбасы банк" АҚ бүгін, 14 мамырда кейбір сервистерінің жұмысында кідірістер болуы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"14 мамыр күні сағат 18:00-ден 22:00-ге дейін жүктеме тестілеуіне байланысты "Otbasybank.kz" жылжымайтын мүлік порталы, https://enpf-otbasy.kz/ зейнетақы аударымдарын пайдалану платформасының және "Otbasy bank Lite" жаңа мобильді қосымшасының жұмысында кідірістер болуы мүмкін екенін хабарлаймыз", — делінген хабарламада.
Банк өкілдері қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, аталған сервистерді пайдалану кезінде осы ақпаратты ескеруді өтінеді.
Айта кетейік, бұған дейін еліміздегі мамандандырылған ХҚКО-ларда биометриялық сәйкестендіру технологиясы енгізілетінін хабарлаған едік.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиевтың айтуынша, бұл заң бұзушылықтар санын азайтуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға мүмкіндік бермек.