Елордада 5 тонна насыбай жойылды
Астанада рейд барысында 5 тонна насыбай тәркіленді. Құны 25 млн теңгеге татитын өнім бірден жойылды. Рейд ...
Шымкентте қала күніне орай Otbasy Fest фестивалі өтті. «Отбасы банк» пен ірі құрылыс компаниялары бірлесіп, тұрғындарға баспаналы болудың тиімді жолдары туралы кең мәлімет берді. Банк менеджерлері несие алу бойынша кеңес берсе, компания өкілдері тұрғын үй нысандарын таныстырып, алдын ала таңдау жасауға көмектесті.
Мамандар фестивальде депозит ашу, тиімді шарттарды есептеу және жеке тұрғын үй бағдарламаларын таңдауға көмектесті. Қазір Шымкентте 230 мыңнан астам тұрғын баспана алуға қаражат жинап жатыр. «Жыл басынан бері 25 мыңнан астам депозит ашылған», – дейді «Отбасы банктің» қалалық филиал директорының орынбасары.
Еркін Ахыншаев, «Отбасы банк» АҚ қалалық филиал директорының орынбасары:
- Біздің банктің басқа банткерге қарағанда айырмашылығы – төменгі пайыздық мөлшерлеме. Ол: «Қамқор» бағдарламасы, «Наурыз» бағдарламасы, өзіміздің «жасыл ипотекамыз» бар, «Ұмай» бағдарламасы. Басқалараға қарағанда 50/50 бағдарламасымен де бере береміз. 30/70 бағдарламасы да бар.
Ақмарал Тоғайбаева 30 жылдан астам мемлекеттік қызметте еңбек етеді. Ол «Қамқор» бағдарламасы арқылы екі бөлмелі пәтердің иесі атанды.
Ақмарал Тоғайбаева, қала тұрғыны:
- Бес жыл кезекте тұрып күттім. Сосын «Отбасы банктен» счёт ашып, сол жерге мен айлығымнан қаражатымды салып жинадым. Екі бөлмелі үй алдым. 61 шаршы метр.
Фестиваль кеңес беру алаңымен шектелген жоқ. Мұнда тұрғын үй көрмесі де ұйымдастырылды.
Әсем Көпбаева, қала тұрғыны:
- 2016-дан клиент болып депозит ашқан едім. 3-4 жыл бойы ақша жинап, тиімді бағдарламамен үй алдым. Бала-шағама жинап, енді келесі үйге жинап, әрекет жасап отырмын.
Фестиваль қонақтары қызықты викториналар мен фотобайқауларға қатысты. Сүйікті әртістердің концертін тамашалады. Сондай-ақ «Қамқор» бағдарламасы бойынша пәтерлі болғандарға сахнада үй кілттері салтанатты түрде табысталды.
Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Катерина Попкова, Самат Нағашыбекулы