Алматыда жаңа жылдық отшашуды қайдан тамашалауға болады?
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Ол жазасын өтеу барысында төрт рет таксофон арқылы қоңырау шалып, жарылғыш зат қойылғаны жайлы хабарлаған.
Алматы қаласының 44 жастағы тұрғыны теміржол вокзалдарында жарылғыш зат қойылғаны туралы бірнеше жалған хабар бергені үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оның әрекеттері эвакуация мен төтенше қызметтердің жұмылдырылуына себеп болды. Жалған дабылдың салдарынан мемлекеттік органдарға келтірілген шығын 3,3 млн теңгеден асты.
Жүргізілген сараптамалар қоңырау шалған адамның жеке басын және оның сөздерінде тікелей қауіптің болғанын растады.
Сот ер адамды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша кінәлі деп таныды.
Сотталушы мемлекетке келтірілген шығынды өтеуге және өтемақы төлеуге міндетті.
Көлік прокуратурасы мұндай қылмыстар қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіріп, ауыр салдарға әкелетінін ескертеді.
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Жоғарғы СотТөрағасы Асламбек Мерғалиев 2025 жылы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған жоғары сот орга ...
Тауда жоғалған үш адамның бірі қаза болды. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті таулы аймақта іздестіру ...