Тоқаев ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңға қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқыққа қайшы контентті шектеуге бағытталған заңға қол қойды. Құжат педофилиян ...
Астанада "Орталық Азия – Қытай" ІІ саммиті өтіп жатыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиын барысында энергетика саласындағы ықпалдастықты өңірдің орнықты дамуына әсер ететін ең басты факторлардың бірі ретінде атады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Президенттің айтуынша, Орталық Азияның табиғи және жерасты байлықтары өте көп. Ал оны игеру үшін технологияларды сайлап, инфрақұрылымды жаңарту керек.
– Әлемдегі уран қорының 20 пайызы, мұнайдың 17 пайыздан астамы, табиғи газдың 7 пайызы, сондай-ақ сирек кездесетін металдардың мол кені Орталық Азияда шоғырланған. Яғни, бұл саладағы әлеуетіміз орасан зор. Біз озық технологиялар алмасуға және энергетика инфрақұрылымдарын жаңғыртуға ниеттіміз. Сондай-ақ аймақтың энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, технологиялық тұрғыдан ілгерілеуге және қуат көздерін әртараптандыруға мән берген жөн. Қытай Халық Республикасының ядролық энергетиканы дамытудағы бай және табысты тәжірибесін ескере отырып, аталған стратегиялық салада орнықты ынтымақтастық орнатуға мүдделіміз. Жуық арада келісімге қол қоюға дайындаламыз, – деді Президент.
Бұған дейін Мемлекет басшысы "Қытай Қазақстанның мәңгі әрі стратегиялық серіктесіне, нағыз досына айналды" деген болатын.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқыққа қайшы контентті шектеуге бағытталған заңға қол қойды. Құжат педофилиян ...
Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп ...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше күтімді қажет ететін балаларға жағдай жасау мәселесін көтеріп, Үкімет п ...