Тоқаев ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңға қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқыққа қайшы контентті шектеуге бағытталған заңға қол қойды. Құжат педофилиян ...
Президент жиында айтылған ұсыныстардың жүзеге асатынына сенеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ортақ күш-жігер жұмылдырудың нәтижесі саммиттің форматын табысты еткенін атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, Президент "Орталық Азия – Қытай" форматының 2026-2030 жылдарға арналған ұзақмерзімді даму стратегиясын әзірлеу қажет деп санап отыр.
Президенттің пайымынша, бүгінгі саммит елдердің тату көршілік қатынасты, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға және орнықты дамуға мүдделі екенін көрсеткен. Мемлекет басшысы жиын барысында айтылған ұсыныстар мәңгі достық пен стратегиялық серіктестікке берік негіз қалайтынына сенім білдірді. Сондай-ақ, ортақ күш-жігер жұмылдырудың нәтижесінде "Орталық Азия – Қытай" форматын институттандыру ісі табысты жүзеге асқанын атап өтті.
Бұған дейін Мемлекет басшысы әлемдегі уран қорының 20 пайызы және сирек кездесетін металдардың мол кені Орталық Азияда шоғырланғанын айтып, Қазақстан мен Қытай атом энергетикасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қоятыны туралы жазған болатынбыз.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқыққа қайшы контентті шектеуге бағытталған заңға қол қойды. Құжат педофилиян ...
Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп ...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше күтімді қажет ететін балаларға жағдай жасау мәселесін көтеріп, Үкімет п ...