2025 жылғы 16 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді Астана әуежайында салтанатты түрде қарсы алды. 18 маусымда Қазақстан Президенті ҚХР басшысын өзі шығарып салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнынан түсірілген суреттерді Ақорданың баспасөз қызметі Telegram ресми арнасында жариялады.
16 маусымдағы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы арасындағы келіссөздердің қорытындысы бойынша 24 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылды.
17 маусымда Тоқаев Қытай үкіметіне 1500 ақбөкен беру туралы шешімін жариялады.