16 миллион қазақстандықтың жеке дерегі тарап кеткен: министрлік не дейді?
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қазақстандықтардың жеке дерегі тарап кетуіне ...
Суару кезеңі басталғалы Қазақстанның оңтүстігіндегі диқандарға су былтырғыдан 335 млн текше метрге артық берілген.
Бүгінгі таңда "Қазсушар" РМК филиалдары Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарының диқандарына 3 млрд 73 млн текше метрден астам су берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл былтырмен салыстырғанда 335 млн текше метрге көп. 2024 жылдың осы кезеңінде 2 млрд 738 млн текше метр су жеткізілген.
Алматы облысының шаруаларына 50 млн текше метрден астам су берілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 6 млн текше метрге артық. Жамбыл облысының диқандарына 135 млн текше метрден астам су берілді, бұл өткен бір жылмен салыстырғанда шамамен 50 млн текше метрге артық. Ал Жетісу облысындағы су пайдаланушыларға 196 млн текше метр суармалы су жіберілді.
Қызылорда облысының диқандарына 1 млрд 280 млн текше метрден астам су берілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 74 млн текше метрге артық. Түркістан облысының шаруа қожалықтарына 1 млрд 412 млн текше метрге жуық су берілді. Бұл былтырмен салыстырғанда 234 млн текше метрге артық.
Қазіргі уақытта жоғарыда аталған бес облыста 348 мың гектардан астам егістік алқаптары суарылды. Оның 25 817 гектары Алматы облысына, 42 600 гектары Жамбыл облысына, 33 674 гектары Жетісу облысына, 126 300 гектары Қызылорда облысына, 119 900 гектары Түркістан облысына тиесілі.
"Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасымен ведомство мамандарынан құралған төрт жұмыс тобы құрылды. Олар судың заңсыз пайдаланылуын анықтайды, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстігінде суды үнемдеу, реттеу және бөлу мәселелері бойынша мониторинг жүргізеді. Сонымен қатар су үнемдеу технологияларын енгізу, ылғал сүйгіш дақылдардың көлемін қысқарту және түнгі суару әдісін қолдану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Каналдар арқылы суды кезекпен жіберу кестелері әзірленіп, іске асырылып жатыр", – деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.