Қазақстандық Вадим Шарлаимов семсерлесуден Индонезияның Бали аралында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Спортшы семсер қаруымен айқасудан ерлер арасындағы жекелей сында үздік үштікті түйіндеді.
Шарлаимов жартылай финалда жапониялық Масару Ямадаға жол беріп, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанып отыр.
Алтын медаль қытайлық Ван Цзыцзеге бұйырған. Күмісті Масару Ямада иленсе, қола медальді Вадим Шарлаимовпен бірге Қытай өкілі Синькунь Чжан алған.