Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ер адамды айналасындағыларға құрметсіздік танытты деп таныды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сотта ер адамның "әлеуметтік эксперимент" жүргізу барысында қоғамдық тәртіпті бұзғаны, қоғамдық орынды ластағаны, айналасындағы адамдарға құрметсіздік танытып, дөрекі, мінез-құлық көрсеткені анықталды,
"Барлық әрекеттер бейнежазбаға түсіріліп, кейін әлеуметтік желілерде жарияланған. Сот отырысында Т. кінәсін мойындады және іс материалдарында көрсетілген деректерді растады", делінген сот хабарламасында.
Сот қаулысымен Т. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 10 тәулікке әкімшілік қаммаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Elmira Ozay (@elmira_ozay)