• 19-06-2025

Владимир Путин Иран мен Израиль арасындағы жанжалды шешудің жолы туралы пікір білдірді

Ресей президенті Владимир Путин дүниежүзінің жетекші ақпарат агенттіктері басшыларымен кездесу барысында Иран мен Израиль арасындағы жанжалға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Путин Иран мен Израиль арасындағы жанжалды барлық тараптың мүддесін ескере отырып келіссөз арқылы шешкен жөн болар еді деген деген пікірде. Оның айтуынша, келісім Иранның бейбіт атомын – тек энергетиканы ғана емес, толық құқылы болуын және Израильдің сөзсіз қауіпсіздігін қамтамасыз ету құқығын қамтуы керек.

"Жалпы алғанда, шешім табуға болады. Біз ешкімге ештеңе тықпаламаймыз, тек жағдайдан шығуға қатысты өз көзқарасымызды ұсынамыз. Бірақ түпкілікті шешімді Иран мен Израильдің саяси басшылығы қабылдайды", — деді Владимир Путин.

Бұған дейін Ресей Израиль мен Иранға арағайындық жасауға дайын екенін мәлімдеген.