Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен және ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Олжас Смағұлов 2025 жылғы 19 маусымда қала әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Олжас Смағұлов Америкалық континентаралық университетті, Калифорния мемлекеттік политехникалық университеті Помона кампусын, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін, сондай-ақ Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін тәмамдаған. Экономика, мемлекеттік саясат және басқару саласы бойынша магистрлік дәрежесі бар.
Еңбек жолын 2013 жылы Атырау облысы әкімдігі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және ақпараттық-талдау бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған.
Әр жылдары Атырау облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасында басшылық лауазымдарда жұмыс істеген. Сондай-ақ Премьер-министр кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінде бас сарапшы болған.
2015–2019 жылдар аралығында Ақтөбе облысында бірқатар басшылық қызметтер атқарған.
2019–2021 жылдары Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары, кейін Премьер-министрдің кеңесшісі болып жұмыс істеді.
2021 жылдың қарашасынан осы тағайындауға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінде басшының орынбасары қызметін атқарған.