Тіл туралы заң: қоғамдық тамақтану орындарына қандай талап қойылады?
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Жетісу облысында жүгері мен күнбағыстың тұқымын халықаралық талапқа сай шығаратын кәсіпорын ашылды. Жылына мың тоннаға дейін дәнді дақылды сұрыптап, дәрілейтін зауыт «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы Аграрлы несие корпорациясының қолдауымен іске қосылды. Қаржылық ұйымның өңірдегі филиалы биыл 410 шаруашылыққа 8,3 млрд теңгеден аса жеңілдетілген несие берген.
Кәсіпкер Нұрлан Салықов жаңа зауытты іске қосып, алғашқы өнімін ала бастады. Жоғары сападағы тұқымдық дән шығару үшін ол Аграрлық несие корпорациясынан жеңілдетілген несие алған.
Мұхит Жуасбай, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Жетісу облыстық филиалының директоры:
- Агробизнес бағдарламасы арқылы қарастырылып, 24%-пен берілді. Оның 18%-і мемлекет тарапынан субсидияланады. 6%-і шаруаның өзі төлейді. Жалпы 10 жылға, оның ішіндегі екі жылы негізгі сомаға жеңілдік уақыты беріледі.
Бұрындары кәсіпкер ескі құрылғылармен жұмыс істеген. Түркияның технологиясына негізделген 422 млн теңгелік зауытты ашқаннан кейін серіктестіктің бәсекеге қабілетілігі артты. Енді олар нарықтағы отандық өнім үлесін арттыруға ықпал етпек.
Нұрлан Салықов, «Сорея-Нұр» ЖШС директоры:
- Аграрлық несие корпорациясының қолдауымен алынған зауыт арқылы біз нарықта басымдыққа ие болдық. Яғни Ресейде, Шығыс Еуропада және Түркиядағыдай әлемдік брендтегі тұқымды біз Қазақстанда шығара бастадық. Біздің шаруаларымыз тұқымды енді шетелден емес, өз елімізде сатып ала алады. Пандемия кезіндегідей шекара жабылып қалса да, біз өз диқандарымызды сапалы тұқыммен қамтамасыз ете аламыз.
Аграрлық несие корпорациясының шаруаларды қолдауға арналған төрт бағдарламасы бар. Олар «Агробизнес», «Кең дала-1», «Кең дала-2» және «Іскер» деп аталады.
Мұхит Жуасбай, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Жетісу облыстық филиалының директоры:
- Жалпы биыл 8,3 млн теңгеге мақұлданса, 410 шаруашылық қаржыландырылды. Оның ішінде негізгі сомасы «Кең дала-2» бағдарламасы арқылы берілді. Осындай егін шаруашалығынан бөлек, сүт шаруашылығы, жаңбырлатып суару және де қант қызылшасын тамшылатып суару әдісімен жүргізетін шаруашылықты біз қаржыландырдық.
Кәсіпкер биыл 700 гектарға күнбағыс пен жүгері септі. Одан бөлек, кооперация құрамындағы шаруалардың да өнімін қабылдайды. Жиналған дақылды сақтау үшін ол Аграрлық несие корпорациясының қолдауымен қойма салуды жоспарлап отыр. Сол арқылы тұқымдық дән шығаратын тұтас кластерлік жүйе қалыптастырмақ.
Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов