Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ATP 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Александр Бублик турнирдің 1/8 айналымында әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнерді 3:6, 6:3, 6:3 есебімен жеңді.
Қазақстандық теннисші матч кезінде 15 рет эйс жасады және алты рет қос қателікке жол берді және алты брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды.
Бублик енді жартылай финалға шығу үшін чехиялық теннисші Томаш Махачпен (ATP рейтингінде №23) кездеседі.
Ал бұған дейін Рыбакина Берлиндегі турнирдің ширек финалына шыққанын жазған едік.