• 20-06-2025

Джонни Депп Испаниядағы онкологиялық аурумен ауыратын балаларды өз көзімен көріп қайтты

"Кариб теңізінің қарақшылары" фильмінің жұлдызы Джонни Депп Мадридтегі онкологиялық орталықта қатерлі ісікке шалдыққан балаларға барып қайтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

El Debate дерегінше, 18 маусым күні актёр Джек Воробей кейпінде балалармен тілдесіп, оларға түрлі трюктер көрсетіп, кітап оқып, суретке түсіп, көңілдерін көтерген. Аурухана әкімшілігі оның бұл сапары балаларға дерттерін бір сәтке ұмытып, қуаныш сезімін сыйлағанын атап өтті – бұл тек балаларға ғана емес, ата-аналар мен медицина қызметкерлеріне де үлкен моральдық қолдау болды.

Бұл – Депптің мұндай шараға алғаш рет қатысуы емес. Ол бұған дейін де Сан-Себастьян, Ванкувер және Париж қалаларындағы онкологиялық аурумен ауыратын балаларды барып көрген. Сонымен қатар, актёр қайырымдылықпен белсенді айналысып, ауруханаларға қажетті құрал-жабдықтар сатып алып береді және қаржылай көмек көрсетіп келеді.

Бұған дейін Лувр қызметкерлерінің жиналыс кезінде ереуілге шыққандығы хабарланған болатын.