• 20-06-2025

Депутат Тұрлыхановтың ұлы түрме жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішінен бас тартты

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат түрме жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішінен бас тартты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бірақ оның адвокаты ол жазасын өтеп жатқан мекеме дұрыс емес мәлімет бергенін мәлімдеді. Ол қосымша құжаттарды дайындауға уақыт сұрады.

Болат тағайындалған 1,5 жылдың тоғыз айын колонияда өткізді.

Ол колонияға 2023 жылдың күзі кезінде екі заңгер – Анна мен Олег Черновтарға шабуыл жасағаны үшін түсті. Бастапқыда оған айыппұл салынды, кейін екі жылға бостандығы шектелді. Ал 2024 жылдың қазанында пробация тәртібін бұзғаны үшін бостандығынан айырылды: үкім күшінде бола тұра, тойға барып, түнгі сағат 4-те караокеге барып, түнгі Алматыда серуендеген.