Арменияға бидай экспорты артады
Биыл біздің ел Арменияға бидай жөнелте бастады, деп хабарлайды 24KZ. Айдың басында алғашқы мың тоннасы 15 в ...
Бұл бастама Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен талқыланған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алдын ала болжам бойынша, техноқала озық технология, ғылым, университеттер мен бизнес шоғырланатын ерекше мәртебесі бар қала болмақ. Негізгі мақсаты — басты назар қолданбалы әсер мен коммерциялық қайтарымына аударылатын, қысқа мерзімде өндірістегі ғылымды қажет ететін әзірлемелерді жасап, енгізу. Бұл ретте жаңа энергетика мен энергия үнемдеуге, биотехнология мен азық-түлік қауіпсіздігіне, жаңа ақпараттық технологиялар және ЖИ-ді дамытуға мән беріледі.
Техноқаланы жүзеге асырудың бірінші кезеңінде Алматы облысының аумағында Алматыға жақын жерде 500 га алаңда орналастыру ұсынылады. Орын "Инновациялық технологиялар паркі" мен "Алатау" АЭА, ядролық физика институтының жанында орналасуы ескеріле отырып таңдалды. Аумақтың шамамен 30%-ы университеттерге, ҒЗИ-ға және технопаркке бөлініп, олар кадр даярлау мен жаңа әзірлемелер жасауға негіз болмақ.
Тұжырымдаманы дайындау шеңберінде халықаралық тәжірибе зерттелді. Мысалы, Жапонияда "Сукуба" технополисі Токиодан 56 шақырым жерде орналасқан. Онда 45-тен астам жоғары технологиялық компания бар. Ғылыми сүйемелдеуді 20 мемлекеттік және 40 корпоративтік институт, 2 университет, 13 мыңнан астам зерттеуші жүргізеді. Мұнда ғарыштық технология, медицина, биотехнология мен материалтану саласы әзірлемелері жүргізіледі. ҚХР-да Бейжің маңында Z-Park жоғары технологиялар ерекше аймағы жұмыс істейді. 488 шақырым аумақта 23 мыңға жуық компания бар. Бір миллионға жуық адам жұмыс істейді. Кадр даярлау Бейжің Цинхуа университетінде жүргізіледі. Ғылыми қолдауды 200 институт қамтамасыз етеді. Мұнда ақпараттық технология, жасанды интеллект; заттар интернеті, электроника, биомедицина, интеллектуалды өндіріс және басқа да салалар дамытылады.
Биыл біздің ел Арменияға бидай жөнелте бастады, деп хабарлайды 24KZ. Айдың басында алғашқы мың тоннасы 15 в ...
Тэгу қаласында Корея Республикасы Климат, энергетика және қоршаған орта министрлігі ұйымдастырған Korea Internationa ...
t.me/aqorda_resmi Мемлекет басшысы Қазақстан мен Эстонияның іскерлік топ өкілдері қатысып жатқан бизнес-форум сауд ...