• 21-06-2025

Астанада Мәңгілік Ел және Түркістан көшелері уақытша жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұржол бульвары бойында жөндеу жұмыстарын жалғастырып жатыр , деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Осыған байланысты 21-22 маусым аралығында жол қозғалысында шектеулер болады: алдымен Мәңгілік Ел даңғылынан Түркістан көшесіне дейін, сосын Түркістан көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі учаске толық жабылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап алуын сұраймыз, — делінген хабарламада.