Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Қазақстанда ауа райының күрт нашарлауына байланысты маңызды жол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін шектеу енгіз ...
Венгрия астанасы Будапешт қаласында дзюдодан өткен әлем чемпионатында 60 келіде қола жүлдегер атанған қазақ жігіті Ёлка Кәдірбек Баян-Өлгий азаматтары автокөлік мінгізді, деп хабарлайды skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Сондай-ақ, Моңғолияның Еңбек министрі Тілеухан Әбубәкір дзюдошыны өзі күтіп алып, оған 1 000 000 төгрөг (шамамен 1 500 000 теңге) ақшалай сыйақы берді.
«Жергілікті қазақ жастардың жетістігіне ризашылығымды білдіремін. Біздің Ёлканың бұл жетістігі жай ғана медаль емес, Баян-Өлгий тұрғындары мен Моңғолия жастарының күш-қуатының, төзімділігі мен сенімінің көрінісі. Бұл жыл осындай табыспен басталып жатқаны қуантады.
Ёлка көп жылғы қажырлы еңбегі мен жүйелі жаттығуларының нәтижесінде әлемдік аренада жетістікке жетіп отыр. Оның жетістігі жастардың белсенділігі мен спортқа деген құлшынысын арттыруға зор үлес қосатынына сенімдімін», — деді Тілеухан Әбубәкір.
Қазақстанда ауа райының күрт нашарлауына байланысты маңызды жол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін шектеу енгіз ...
Қазақстанның автокөлік одағы президенті Анар Мақашева алдағы жылы елдегі автокөлік бағасына қатысты болжамын жарияла ...
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы мәлімдеді. Ауа райының нашарлауына байланысты ...