Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде "жарылыс жасаймын" деп пікір қалдырған
Ол дереу ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Алматының 21 жастағы тұрғыны әлеуметтік желідегі жазб ...
Мегаполисте өнеркәсіп өндірісінің көлемі тұрақты өсім көрсетіп отыр.
Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлады. 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында өндірілген өнім көлемі 976,2 млрд теңгеге жеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ең үлкен өсім машина жасау саласында байқалған. Салада өндіріс көлемі 36,3% артып, 366,1 млрд теңгеге жеткен. Осылайша өңдеуші өнеркәсіптің жалпы көлемінің 46,7%-ын құраған. Ал машина жасау құрылымында негізгі үлес көлік құрастыру саласына тиесілі. Оның көлемі 36,1%-ды құраған.
Өсім өзге де негізгі салаларда тіркелді: басқа бейметалл минералды өнімдер өндірісі 25,6% артып, 47 млрд теңгеге жетті, баспа ісі 27,3% өсіп, 25 млрд теңге болды. Фармацевтика өндірісі 14,2% (11,2 млрд теңге), киім өндірісі 18,8% (3,7 млрд теңге), ағаш бұйымдары өндірісі 35,2% (3,4 млрд теңге) өсті.
Жалпы саладағы бұл өсімді Алматыда шоғырланған 144 ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорындар беріп отыр. Олардың дені Жетісу, Түрксіб және Алатау аудандарында орналасқан.
"Алматының Индустриялық аймағы мен "Инновациялық технологиялар паркі" АЭА қарқынды дамып келеді. 2025 жылы Индустриялық аймақта жалпы құны 135,4 миллиард теңге болатын 11 жобаны іске қосу жоспарланған. Бұл жобалар нәтижесінде 4 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ. Ал арнайы экономикалық аймақта 18,5 млрд теңгенің 6 жобасын іске қосу және 415 жұмыс орнын құру көзделген", – деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ол дереу ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Алматының 21 жастағы тұрғыны әлеуметтік желідегі жазб ...
Алматы мәслихаты жеңілдігі бар тәртіппен жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін салық мөлшерлемесін 3%-ға дейін түсір ...
Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына жаңа басшы тағайындалды, — деп хабарлайды Massage ...