КТК теңіз терминалы мұнай қабылдауды тоқтатты
Каспий құбыр консорциумының (КТК) теңіз терминалы резервуарлар паркінің толуына байланысты мұнай қабылдауды уақытша ...
Иран парламенті Ормуз бұғазын жабу бастамасын қолдап отыр.
Бұл АҚШ-тың ядролық нысандарға жасалған соққысына байланысты қабылданған шешім, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ұсынысты барлық депутат бірауыздан қолдады. Ал, соңғы шешімді Иранның ұлттық қауіпсіздігінің Жоғары кеңесі қабылдайды. Ормуз бұғазы жабылса, жаһандық мұнай тасымалының 20%-і бұғатталуы мүмкін. Ормуз бұғазы – Парсы шығанағына кіретін шағын су жолы. Ол арқылы күнде әлемде өндірілетін мұнайдың бестен бірі өтеді. Сауд Арабиясы мен Ирак мұнайы осы теңіз жолы арқылы тасымалданады.
Citigroup болжамына қарағанда, бірнеше ай көлемінде күніне шамамен 3 млн баррель мұнай тасымалы бұзылады. Мамандар Иран өндіретін мұнай экспортының тежелуі бағаға айтарлықтай қатты әсер етпейтінін болжап отыр. Бұған дейін Таяу Шығыстағы қақтығыстан мұнай 120 долларға дейін көтеріліп кетуі мүмкін екендігі айтылған.
Каспий құбыр консорциумының (КТК) теңіз терминалы резервуарлар паркінің толуына байланысты мұнай қабылдауды уақытша ...
Бұған украин дрондарының өткен айдағы шабуылынан кейін Ресейдің мұнай тиеу инфрақұрылымындағы жөндеу жұмыстарының тұра ...
Әлемдік нарықта мұнай бағасы құбылып тұр. Қара алтын құны әлемнің жетекші қор бижаларында қазір 62 доллар көл ...