Бүгін Air Astana ұшағы Атырауға қонуға мәжбүр болды. Оған қарсы соққан жел себеп болған, деп хабарлайды әуе компания баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Atyrau Online Telegram-арнасында Air Astana ұшағы шұғыл түрде Атырау әуежайына қонуға мәжбүр болғаны туралы ақпарат жарияланған. Ұшақ Алматыдан Лондонға бет алғаны хабарланған.
KAZ.NUR.KZ тілшісі әуе компания баспасөз қызметіне сұрау салып, оқиғаның мән-жайын анықтады.
"Алматы-Лондон бағыты бойынша КС663 рейсімен ұшқан Air Astana ұшағы қарсы соққан желдің кесінінен жүктеме бойынша шектеулерді болдырмау үшін отын құю мақсатында Атырауға қонды", — деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Айта кету керек, бұған дейін Астанаға жақын Жоламан әуеайлағы маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам мерт болғанын жазған едік.
TOP
-
Президент Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойды
30.12 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-