Ақтау мен Атырау әуежайларында рейстер кешігіп жатыр
Бүгін Ақтау және Атырау қалаларынан ұшып шығуды жоспарлап отырған жолаушыларға рейстердің кешігетіні туралы хабарлам ...
Бірқатар қалада SCAT әуе компаниясының ұшақтары құстармен соқтығысу салдарынан зақым алған. Мұндай жағдайлар форс-мажорлық мән-жайлар санатына жатады және тасымалдаушы тарапынан бақылауға келмейді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Компания дерегінше, рейстер кестесін қысқа мерзімде тұрақтандыру жұмыстары жүріп жатыр.
Жедел түрде резервтік әуе кемелері жіберілді, сондай-ақ жоспардан тыс техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізілуде, — делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Осыған байланысты кейбір рейстердің кестесіне уақытша өзгерістер енгізіледі.
Анталья – Астана және Ақтөбе – Анталья бағыттарында мынадай өзгерістер болды:
Антальяда резервтік әуе кемесінің келуін күту кезінде жолаушыларға қонақүйлерде тұру мерзімі ұзартылды. Ыңғайлы жағдайлар толық қамтамасыз етілді. Ұшу 2025 жылғы 23 маусымға жоспарланған, — делінген мәліметте.
Ақтөбеде ұшуды күтіп отырған жолаушыларға ыстық тағам және сусындар ұсынылуда. Компания өкілдері мен туроператорлар жолаушылармен тұрақты байланыста, кесте қажеттілікке қарай түзетілуде.
Әуе кемелерінің қайта бөлінуіне байланысты 2025 жылғы 23 маусымда мына бағыттарда рейстердің кешігуі мүмкін:
Алматы – Шарм-эль-Шейх
Алматы – Анталья
Анталья – Алматы
Сондай-ақ халықаралық жағдайға және жекелеген әуе кеңістіктерінде уақытша шектеулердің енгізілуіне байланысты, 2025 жылғы 23 маусымға жоспарланған Астана – Доха рейсі тоқтатылды.
Бұған дейін тағы бір компания Таяу Шығысқа рейстерді уақытша тоқтатқанын мәлімдеген.
Бүгін Ақтау және Атырау қалаларынан ұшып шығуды жоспарлап отырған жолаушыларға рейстердің кешігетіні туралы хабарлам ...
Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Қазақстан Республикасында 2025 жылғы 30 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында өткі ...
Ұшақ Техас штатындағы Форт-Уэрт қаласының Хикс әуежайы маңында құлаған, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттіг ...