• 21-11-2025

Қазақстанда сұйылтылған газ бағасы өзгермейтін болды. Министрлік бұйрық шығарды

Тиісті бұйрық жобасы қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Қазақстанда сұйылтылған газ бағасы өзгермейтін болды. Энергетика министрлігі 2025 жылдың екінші жартыжылдығында сұйытылған мұнай газының көтерме бағасын ағымдағы деңгейде, яғни тоннасына 51 932 теңге деңгейінде ұстауды жоспарлап отыр.

Тиісті бұйрық жобасы қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланды және 2025 жылғы 24 маусымға дейін бұқаралық талқылау үшін қолжетімді болады.


Оқи отырыңыз: Автогаз бағасы тағы 10 теңгеге көтеріледі


Еске салайық, жоғарыда аталған баға 2025 жылғы 1 ақпанда белгіленген және 30 маусымға дейін жарамды.

Бағаны ұстап тұру туралы шешім ішкі нарықты тұрақтандыруға және автомобиль көлігінде де, күнделікті өмірде де кеңінен қолданылатын жанармай құнының күрт қымбаттауына жол бермеуге бағытталған.