ШҚО-да есірткі тасымалдаған курьер ұсталды
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген психотроптық заттардың жалпы салмағы 495,32 грамды құрады. Шығыс Қазақ ...
Өңірдегі Қара Ертіс өзеніне үш адам ағып кеткен. Құтқарушылар олардың денелерін таба алмай жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оқиға кеше Марқакөл ауданына қарасты Боран ауылынан 5 шақырымдай жерде орналасқан Қара Ертіс өзенінде болған. Үш адамның суға кеткені туралы хабар жедел тарады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, суға түсуге тыйым салынған орында жасөспірім суға батып бара жатқан. Оны құтқаруға тырысқан екі ересек азамат ағысқа төтеп бере алмай, өздері де суға кеткен.
Барлығы Зайсан ауданының тұрғындары екені анықталды. Қайғылы жағдайға байланысты Зайсан ауданы әкімінің тапсырмасымен жедел штаб құрылып, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, полиция, жергілікті атқарушы органдар және еріктілер іздестіру жұмыстарына жұмылдырылды.
Қазір іздестіруге 10 қайық, бір дрон, жеті автокөлік тартылып, Өскемен, Зайсан, Марқакөл, Күршім аудандарынан құтқару қызметтері мен Боран ауылындағы гидробекет мамандары келген.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген психотроптық заттардың жалпы салмағы 495,32 грамды құрады. Шығыс Қазақ ...
Биыл шығыс қазақстандық еріктілер мыңнан астам әлеуметтік шараға мұрындық болды. Белсенділер ондаған гектар ...
Профилактикалық акцияның мақсаты – тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру. Қауіпсіздік ережелері сақталма ...