• 05-05-2026

Тоқаев үздік нәтиже көрсеткен академия түлектеріне бірден "аға лейтенант" шенін беруді ұсынды

Президент үздік нәтиже көрсеткен және үлгілі тәртібімен ерекшеленген академия түлектеріне бірден "аға лейтенант" шенін беруді ұсынды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мемлекет басшысының айтуынша, ведомстволық жоғары оқу орындары курсанттарына жағдай жасап, ынталандыру маңызды.

"Олар – біздің күштік құрылымдардың болашағы. Оқуда үздік нәтиже көрсеткен және үлгілі тәртібімен ерекшеленген академия түлектеріне бірден "аға лейтенант" шенін беру қажет деп санаймын.

Сондай-ақ оларға бос жұмыс орындарынан өзі қалаған қызмет түрін таңдауына мүмкіндік берілуі керек. Үкімет заңға енгізілетін өзгерістерді әзірлесін", — деді президент.