Шри-Ланка 2025 жылдың басынан бері туризмнен 2,6 млрд доллардан астам табыс түсірді
2025 жылдың алғашқы он айында Шри-Ланка туризм саласынан 2,66 млрд доллар табыс тапты, деп хабарлайды Синьхуа аге ...
Түркістан облысында колледж тәмамдаған түлектер жұмыссыз қалмайды. Жергілікті билік «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында арнайы жәрмеңке ұйымдастырып, бос жұмыс орындарын ұсынды. Жұмыс іздеп жүрген жастарға 1500-ден астам бос жұмыс орны ұсынылған. Жәрмеңке аясында жастарға жұмысқа орналасу сертификаттары табысталып, колледждер мен кәсіпорындар арасында үшжақты меморандумдар түзілді.
Сонымен қатар Солтүстік Қазақстаннан келген жұмыс берушілер көшуге ниетті азаматтарға ұсыныс жасап, мемлекеттік қолдау тетіктерін таныстырды.
Алмас Әбдіқадыров, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басшысының орынбасары:
Іс-шара жоспарына сәйкес жыл көлемінде 84 жұмыс орындары жәрмеңкесі және 38 ашық есік күндері өтеді. Яғни ашық есік күндері біздің өңірдегі ірі кәсіпорындарға колледждің түлектерін, жоғары оқу орындарының түлектерін өндірістің тыныс-тіршілігімен таныстыру. Яғни студенттер мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту.
Айнұр Әбілқасымқызы
2025 жылдың алғашқы он айында Шри-Ланка туризм саласынан 2,66 млрд доллар табыс тапты, деп хабарлайды Синьхуа аге ...
Ұлттық статистика бюросының алдын ала дерегінше, 2025 жылдың 10 айында еліміздің Жалпы ішкі өнімі өткен жылдың сәйкес ке ...
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті. Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының "Жасанды ...