Президент Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 5 тамыз күні Мемлекет басшыс ...
t.me/aqorda_resmi
Қазақстан шикізатты терең өңдеу және жаңа буындағы өнеркәсіптік өндіріс құру жолында батыл қадам жасады. Бұл туралы Президент шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-ші пленарлық отырысында мәлімдеді.
Машина жасау бойынша теміржол саласына арналған компаниялармен табысты ынтымақ орнатылған. Alstom компаниясы елде сервистік орталықтар салып, 2028 жылдан бастап локомотивтердің жаңа буынын шығаруды жоспарлап отыр. Ал Wabtec компаниясы балама отынмен жүретін жылжымалы құрамға 200 миллион доллар инвестиция құйды. Stadler Rail кәсіпорны өндірістік қуаты жылына 100 вагон шығаратын зауыт салды. Қасым-Жомарт Тоқаев агроөнеркәсіп кешенінің жоғары әлеуетіне де тоқталды. Еліміз егістікке және жайылымға жарамды жер көлемі жағынан әлемде алтыншы орында. Астық экспорты бойынша жетекші 10 мемлекеттің қатарына кіреді. Мемлекет басшысы PepsiCo, Fufeng Group және Dalian Hesheng сияқты шетелдік инвесторлардың табысты қызметін мысал етіп, озық технологияларды енгізіп жатқанын айтты.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 5 тамыз күні Мемлекет басшыс ...
Семейде Абайдың 180 жылдығына орай Түркістан облысының мәдениет күндері басталды. Шара аясында оңтүстікте ...
Әлем дерт атаулымен күресте түрлі әдістерді меңгеріп, технологияның алуан тәсілін енгізіп жатқанымен, аурудың азая ...