2026 жылғы Олимпиадаға дайындыққа 13 млрд теңге бөлінді - министр
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Аустрияның Линц қаласында өткен Гран-при турнирінде жеңіске жетіп, 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді.
Финалдық жекпе-жекте 27 жастағы спортшы 19 жастағы жапондық Сачийо Йшиноға қарсы шығып, 10-1 есебімен жеңіске жетті.
Финалға дейін Әбужақынова шеберлігін көрсетіп, Мизуки Харада (Жапония), Жаклин Шпрингер (Австрия), Эмбер Герсджесті (Нидерланды) жеңді.
Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері (2022, 2024), Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2021, 2022), 2023 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері.
Линцтегі Гран-при турниріндегі бұл жеңіс Әбужақынованың жоғары деңгейдегі дайындығын және халықаралық ареналардағы мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
«Атырау» футбол командасының құрамынан екі легионер кететін болды. Себеп – келісімшарт мерзімінің аяқталуы, деп жаз ...
Қытайдың Шэньчжэн қаласында теннистен «World Tennis Continental Cup» турнирі басталды. Бұл жарыста Әлем құрамасы Еур ...