Қоғамға бағытталған полиция моделін қалай құруға болады?
Қазір полиция – жай ғана құқық бұзушылықпен күресуші күш емес, ол бұқарамен бірлесе отырып, қоғамдық тәртіп пен әділ ...
Батыс Қазақстан облысында 22 жастағы полицей үйінің ауласында өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы mgorod.kz-қа сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 21 маусым күні Орал қаласына жақын орналасқан Достық ауылында (бұрынғы атауы – РТС) болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ішкі істер органдарында қызмет атқарып жүрген 22 жастағы азамат өз үйінің ауласында асылып, өмірімен қоштасқан.
Оқиға туралы ақпаратты Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті растады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізіп, оқиғаның нақты мән-жайын анықтауда.
Оның осындай ауыр қадамға баруына не себеп болғаны әзірге белгісіз.
Қазір полиция – жай ғана құқық бұзушылықпен күресуші күш емес, ол бұқарамен бірлесе отырып, қоғамдық тәртіп пен әділ ...
Ақмола облысының полициясына сұлулық салонында жұмыс істейтін тұрғын әйел жүгініп, Instagram желісінен шырша сату тура ...
Түркістанда полицейлер 8,5 миллион теңге шығын келтірген ұрлықтың бетін ашты, — деп хабарлайды Massaget.kz ...